Kyzylorda-news.kz. Қырғызстанда болған соңғы оқиға ойлантатын жағдай. Ішкі ымыраның жоқтығы елдің мүмкіндігін шектеп отыр. Көрші елдің болашағына қауіп төніп отыр. Билік мәселесі үлкен мәселеге айналып кетті.
Алып Алатаудың арғы беті мен бергі бетін ен жайлаған қазақ пен қырғыз ежелден төскейде малы, төсекте басы қосылған халық. Екі елдің төрт түлігі бір далада жайылады, қыз алысып, қыз беріп, құда-жегжат болып етене араласады. «Қазақ-қырғыз бір туған» дегендей, біздің бауырластық қарым-қатынасымыз кеңес дәуірінен жақсы жолға қойылған. Осындай көршілес, шекаралас ел екеніміз өз алдына, ең бастысы, біз түбі бір елміз. Сондықтан осыны есімізден шығармайық. Бірлік пен келісім, татулық пен достығымызға берік болайық. Арандатушылыққа еш негіз жоқ. Екі ел арасындағы дәстүрлі мәмілелер мен рухани туыстығымыз арта берсін дегім келеді.

Ержан УӘЙІС,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тағы да оқыңыз: