Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыстық  тілдерді оқыту орталығы «Еңсесі биік Елорда» тақырыбында онлайн диктант өткізді.

Оған облыстық басқарма қызметкерлері қатысты. Шараға қатысушылар жазба жұмысын жазар алдында  жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында «Әуенді сауалнама» толтырды. Орталық директоры Л. Ортаева ZOOM қосымшасы арқылы онлайн диктант жазудың ережесі мен талаптарын түсіндірді. 

Диктанттың мәтіні орталықтың ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында талқыланып, бекітілген.  Ондағы сөз саны – 143, яғни В2 ортадан жоғары деңгейге арналған. 

Шара соңында қатысушылар жұмыстарын орталықтың электронды поштасына жолдады.  Жазба жұмысының қорытындысымен жоғары нәтиже көрсеткен қызметкерлер басқарманың Алғыс хатымен марапатталады.

Тағы да оқыңыз: