Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің құнын өндіруші ұсынған бағаның 15%-нен артық көтеруге тыйым салынады. Мәжіліс тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Заң жобасына сәйкес, енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сату кезінде тауар құнын өндіруші немесе көтерме жеткізуші ұсынған бағаның 15 процентінен артық өсіруге тыйым салынады. Бұл талапты бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады. 

«Бұл нормалар ұн, жұмыртқа, күнбағыс майы, тұз және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Барлығы осындай азық түліктің 19 түрі бар», – деді мәжіліс депутаты Мерует Қазбекова жалпы отырыста. 

Базар әкімшілігі сатушыларды бекітілген шекті бағалар мен әкімшілік жауапкершілік туралы хабардар етуге міндетті. 

Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.

Тағы да оқыңыз: