Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды

23.09.2020, 12:00

153 0

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің 11 өңірінде күн бұзылады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жариялады.

23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында жел екпіні – секундына 15-20 метр.

Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Жел қарқыны – секундына 15-20 метр, тіпті 28 метрге дейін жетеді.

Бүгін Ақтөбе облысында желдің күші – секундына 15-20 метр, екпіні – секундына 23 метрге дейін болады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел қарқыны – секундына 15-20, кей жерлерде 25 метр.

23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы – секундына 15-20 метр, кей жерлерде тұман түседі.

23 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-20 метр, тіпті 25 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Бүгін Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші – секундына 15-20 метр, екпіні – секундына 25 метрге дейін.

23 қыркүйекте Қызылорда облысында күшті жел соғады. Қарқыны – секундына 15-20 метр. Өрт қаупі өте жоғары.

Бүгін сондай-ақ Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.

23 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы – секундына 15-20 метр, екпіні – секундына 28 метрге дейін күшейеді.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, күн күркіреп, дауыл соғады. Бұршақ жауады, тұман түседі. Жел қарқыны – секундына 15-20 метр, кей жерлерде – секундына 28 метр болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтау маңызды.

0

Пікір қалдыру