Еліміздегі пойыз билеттерін алып-сататын «теміржол мафиясы» туралы не білеміз? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Еліміздегі пойыз билеттерін алып-сататын «теміржол мафиясы» туралы не білеміз?

25.11.2019, 18:20

584 0

Kyzylorda-news.kz. Мәжіліс теміржол билеттерін алып-сататындарға ірі айыппұл салуды ұсынып отыр. Осы норманы әзірлеушілер Астанадан Алматыға жүретін пойыздың билеті 16 мың теңге тұратын болса, алыпсатарлар оны кейде 100 мың теңгеге дейін көтеріп жіберетіндерін айтады, деп хабарлайды SN.KZ.

Өткен сәрсенбіде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин сол күні бірінші оқылымда мақұлданған теміржол транспорты мәселесі жайлы заң жобасында алыпсатарларды жазаға тартатын бірде-бір норманың жоқтығына наразылық білдірген. «Көмектесушілерге» салынатын 5 АЕК (12 625 теңге) айыппұлды масаның шаққанымен пара-пар деді: «Бұл ақшаны олар бір билет сатып-ақ қайтарып алады». Нығматуллин заң жобасының екінші оқылымында нақты санкциялар әзірлеуді талап етті.

Енді заң жобасының жұмыс тобы теміржол билеттерін қайта сатуға және заңсыз саудаға қатаң шара ұсынып отыр. Мәселен, жеке адамдарға айыппұл 100 АЕК (биыл бұл 252,5 мың теңге), шағын бизнеске – 150 АЕК, ал ірі кәсіпкерлерге 250 АЕК болуы мүмкін.

Егер алыпсатар екінші рет қолға түссе, қарапайым қазақстандықтарға айыппұл 200 АЕК-ке (2019 жылы 505 мың теңге) дейін, шағын бизнес субъектілеріне – 300 АЕК, ірі бизнеске – 500 АЕК болады. Қаржы министрлігі, ІІМ және Бас прокуратура өкілдері осы айыппұл мөлшеріне келісім берді.

Жұмыс тобының отырысында депутаттар елімізде темір жол билеттерін сату ережелерін бұзуға кезінде арнайы бап болғанын, бірақ оны кішігірім қылмыс деп есептеп, бірнеше жыл алынып тасталғанын айтты. «Көмектесушілерге» тек екінші мәрте ғана ереже бұзған жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл салынып, «қоғамдық орында жармасу» бабы бойынша ғана жауапкершілікке тартылатын болған. Бірінші мәрте транспорттық бақылау алыпсатарға тек қана ескерту жасауға міндетті еді.

Халық қаулаулыларының пікірінше, алыпсатарлар елге орасан зор зиян келтіріп отыр. Биыл солардың кесірінен туристер Алакөлге жете алмай қалған. Мейрам күндері мен жазғы демалыста тұрғындар Нұр-Сұлтаннан Алматыға дейін және Алматыдан Нұр-Сұлтанға дейін пойыз билетін жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр болады. Баға айырмашылығы кейде 6-7 есеге дейін жетеді.

Еуропаның кейбір елдерінде алыпсатарларды әй-шәйға қарамай, бірден түрмеге тоғытады екен.

«Біз бұл мәселені талқылап, қылмыстық жауапқа тарту орынды емес деп ұйғардық. Қолданылатын шара құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігіне байланысты әртүрлі болуы тиіс. Қылмыстық жауапкершілік – қоғамдық маңызы бар нәрсе. Егер мен бір адамның есебінен пайда көрсем, оны ірі қоғамдық іс деуге келмейді. Мен 100 адамды сазға отырғызып кетуім керек, оған нақты дәлелдер қажет. Әкімшілік тұрғыдан алғанда, транспорттық бақылау өкілдері клиенттен: «Ол саған билет ал» – деді ме?» – деп сұрауы тиіс. Егер «иә» деп жауап берсе, ол адамды сол жерде, сол сәтте жауапқа тарту жеткілікті. Бірақ тәжірибеге қарайық, бір-екі жыл өткен соң, қылмыстық жауапкершілік тақырыбына қайта оралып қалармыз», – деп түсініктеме берді жұмыс тобының мүшесі Павел Казанцев.

Парламент депутаттарының айтуынша, кассирлермен, жолсеріктермен бірігіп, алыпсатарлар жолаушылардың жөн білмейтінінен пайда тауып отыр. – Мәселен, заң бойынша көп ұйымдардың, атап айтқанда, құқыққорғау органдарының, төтенше жағдайлардың, президент әкімшілігі мен үкіметтің жедел жағдайларға броны болады. Бірақ олардың бәрі қолданыла бермейді. Төрт сағат бұрын (пойыз жүргенге дейін) жедел сапарлардың жоқ екені анықталғанда, бұл брон еркін саудаға шығарылады. Алаяқтар бұдан пайда көреді, – деп күледі Казанцев, – Делдал тағы да бронды 20 билет бар екенін біледі, бәріне екі есе баға ұсынады. Клиенттердің кассаға келіп, бронды сатып алуына да болады. Бірақ көп адамдар пойыз жүрердің алдында төрт сағат бұрын брондардың сатылатынын білмейді.

Отырыс барысында депуттар ұшақтан гөрі пойызда көп жүретінін айтты. Бәрі темір жолдағы құйтырқылықтарды біледі.

«Жұрт бізді пойызбен жүрмейді деп ойлайтын болар. Шындығында пойызбен көп жүреміз. Вагондардың ескі, лас екенін көріп жүрміз. Бұл саланы мен жақсы білемін. Жас кезімде Алматы – Ленинград, Алматы – Мәскеу, Алматы – Саратов пойыздарында жолсерік болғанмын. Вагондарды барынша таза ұстайтынбыз. Ескі болса да, жылы әрі таза еді. Қазір бұл да жоқ», – деп Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитеттің төрағасы Нұртай Сәбилянов жастық шағын еске түсірді.

Жобаны әзірлеушілердің хабарлауынша, «теміржол мафиясына» қарсы заң жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сонда алыпсатарлық жойылады деп сендіріп отыр.

0

Пікір қалдыру