Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 226 адам ұрлық істегені үшін, қаруды заңсыз сақтаған 60 адам, қаруларды жымқырған 39 адам, бұзақылық жасаған 25 адам, 21 адам тонау деректерімен қамауға алынған. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Басқа да қылмыстық істер бойынша қолға түскен азаматтар белгілі болды.

«Осы жерде түсіндіріп өткен жөн болар, бір қылмыстық іс бойынша бірнеше адам, яғни сыбайлас қатысушылар болуы мүмкін.
Бұл деректер әлі де түпкілікті емес. Олар прокуратурамен ұстау негіздерін тексеру және соттарда қамауға алу істерінің қаралу нәтижесіне байланысты.
Атап айтқанда, 29 ұсталған адам бойынша соттармен қамауға алуға бас тартылған, олар қазір босатылды»,- деді Елдос Қилымжанов.

Тағы да оқыңыз: