Жеңісбек Дәрібаев: Елдің тыныштығы бәрінен қымбат – Kyzylorda News
Басты бет

Жеңісбек Дәрібаев: Елдің тыныштығы бәрінен қымбат

12.02.2020, 18:00

666 0

Kyzylorda-news.kz. Кешегі Қордайдағы кикілжің бәріміздің қабырғамызды қайыстырғаны рас. Әдепкіде намысымызды қайрағаны да жасырын емес.

Алайда бастапқы эмоциямыздан арылып, мәселеге байыппен қарағанымызда, сабырлылық танытудың жөн екенін еске алдық. Жанжалдасқан екі ұлт – ежелден бауырлас халық. Өткен ғасырлардың небір нәубет уақытында бір-біріне қол ұшын созып, қарайласты. Алмағайып кездің аласапыранынан аман өтіп, қазақ халқы елдігін танытып, мемлекет құрды. Өзге ұлттарды бауырына басты. Барын берді. Қазір мемлекетіміз ұлттар мен ұлыстарды ұйытып отырған берекелі шаңыраққа айналды. Бірақ біздің осы бүтіндігімізді бұзып, берекемізді кетіргісі келетіндер әрқашан ел ішінен дау іздейді. Қазақтар мен дүнгендер арасындағы жанжал осы арандатушылардың әрекеті деп түсіндім.

Жалпы, мұндай кикілжіңді кез келген дін құптамайды. Оның үстіне қазақ пен дүнген тілі бөлек болғанымен діні бір халықтар. Қазақ  «Сабыр түбі – сары алтын» деген тәлімді үнемі айтып келеді. Сондықтан бүгінгідей жағдайда халқымыз сабырлылық танытып, болған жайды әділ жолмен шешкен жөн деп есептеймін. Отандастарымды сабырға шақырып, алдағы күндеріне береке-бірлік тілеймін!

Жеңісбек ДӘРІБАЕВ,

Облыстық ішкі саясат басқармасының

Дін мәселелерін зерттеу орталығының

бөлім басшысы

0

Пікір қалдыру