Kyzylorda-news.kz. Екі бірдей қызылордалық бір алаяқтың арбауына түсіп қалды. Олар пәтерге қол жеткізу үшін бір әйелге 1 млн 100 мың тең берген. Алаяқ пәтер де алып бермей, ақшасын да қайтармай алдап соққан.

Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде арызда көрсетілген мәліметтер бойынша күдікті ретінде 29 жастағы бұрын сотты болған Қызылорда қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. 

“Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 190 бабының 1 және 3 бөліктерімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде”, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: