Егер кәсіпкердің табысы болмаса МӘМС үшін жарна төлеуге міндетті ме? – Kyzylorda News
Басты бет

Егер кәсіпкердің табысы болмаса МӘМС үшін жарна төлеуге міндетті ме?

22.04.2021, 18:00

2531 0

Kyzylorda-news.kz. Кәсіпкерлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы сұрақтарына «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жауап берді.

– Егер кәсіпкердің табысы болмаса, ол нөлдік кіріс тапсырады. Бұл жағдайда қалай болады?

– Егер жеке кәсіпкер нөлдік декларацияны тапсырса, ол өзі үшін жарналарды төлеуге міндетті, себебі мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұр.

«МӘМС туралы» Заңның 28-бабының 5-тармағына сәйкес ЖК, ШҚ иелерінің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы төлем мөлшері 2021 жылы 2975 теңгені (1,4 ЕТЖ-дан 5%) құрайды.

 «МӘМС туралы» Заңның 31-бабына, 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлем жасамаған жағдайда төлем жасалған күнді қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген соманың 1,25% мөлшерінде айыппұл салынады.

Егер жеке кәсіпкер, оның қызметкерлер 15 жеңілдік санатына жататын болса әлеуметтік медсақтандыру жүйесіне жарналар төлемейді. Олар үшін төлемді мемлекет жүргізеді.

– Мысалы, қызметкер ЖШС-де немесе ЖК-де және бір мезгілде бюджеттік ұйымда еңбек етеді. Онда МӘМС үшін жарналарды табыстың екі көзінен аударуға міндетті ме?

– «МӘМС туралы» Заңның 29-бабы 3-тармағына сәйкес, егер азамат екі жұмыс орнында жұмыс істесе және жиынтық табысы 10 ЕТЖ-дан аспаса (2020 ж. кірістен есептеу 425 000 теңгеден аспайды), онда МӘМС жарнасын екі көзден төлеуге тиіс. Ал, егертабысы 10 ЕТЖ – дан асыпкетсе, ондабіркөзден алу керек. Сонымен, ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшеріне тең келетін табыс сомасынан жарналар төлеген кезде, растайтын құжатпен жекетұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу талап етілмейді. Мұндайқұжат – жұмыс беруші немесе салық агентінің берілген, есептелген және төленген жарналары туралы анықтама.

Егер жеке кәсіпкер жалдамалы жұмыскер болса, онда 2021 жылғы кезенге жұмыс беруші жарна есептеу объектісінің 2% мөлшерінде аударымдарды төлейді, ал жалақының 2% мөлшерінде жарналар төленеді.

«МӘМС туралы» Заңның 14-бабы 3-тармағына сәйкес, әрекетсіз деп танылғандардан басқа, жеке кәсіпкерлер жарна төлеушілер болып табылады. Осылайша, егер ЖК қызметі тоқтатылса, жарна төлеудің қажеті жоқ.

– ЖК қызметін тоқтатты, енді МӘМС-ке 2975 теңге мөлшерінде ай сайынғы жарналарды төлеудің қажеті жоқ па? Келесі айларда медициналық сақтандыру жүйесінде болу үшін қанша ақша аудару керек?

– «МӘМС туралы» Заңның 28-бабына, 6-тармағына, ҚР Салық заңнамасына сәйкес, салық есептілігін беруді тоқтатқан немесе әрекетсіз деп танылған жеке тұлғалар мен жеке тәжірибе алушылар үшін 2020 жылдан бастап МӘМС жарнасын төлеу бойынша міндеттемесі қалады. Ағымды жылдын ай сайынғы төлем мөлшері 1 ең төменгі жалақының 5% құрайды (2125 теңге).

Сонымен қатар. бірыңғай жиынтық төлем де өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, ресми түрде еш жерде тіркелмеген және ресми табысы жоқ тұлғаларға сақтандырылу мәртебесін береді. 2020 жылы БЖТ көлемі қала тұрғындары үшін 2917 теңгені, ауыл тұрғындары үшін 1458,5 теңгені құрайды.

– Егер жарна төлеу мерзімі өтіп кетсе, сақтандыру пакеті бойынша медициналық көмекке жүгінуге бола ма?

– Егер сіз МӘМС-ке жарна төлей бастаған болсаңыз, бірақ 3 айдан астам үзіліс болса, онда сақтандыру мәртебесінен айырылып қаласыз. Сақтандыру пакеті шеңберінде медициналық қызметтерді алу үшін бұрынғы төленбеген кезеңдер үшін төлемдерді жасау қажет. Бұл жағдайда,сақтандырылудың мәртебесіне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейін, карантин кезеңінде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылған бола отырып, қандай медициналық қызметтерге, пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша сұрақтарымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығына 1406 тегін нөміріне қоңырау шала аласыз.

Сондай-ақ медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары мәселелері бойынша «Qoldau-24/7» мобильдік қосымшасы халыққа қызмет көрсетеді. Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі. Содан кейін өтініш берушіге қосымшада оның аккаунтында жауап беріледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасын Android смартфондары үшін  Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін  App Store арқылы жүктеп алуға болады.

– Сұхбатыңызға рақмет!

0

Пікір қалдыру