*Kyzylorda-news.kz. 26 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.*

Қазақстан аумағының батыс бөлігі антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды. Республиканың солтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Республика бойынша кей өңірлерде тұман түседі, жел күшейіп, солтүстік-батыста қатты дауыл соғады.

Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, күндіз Ақтөбе облысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы – 15-20 м/с.

Алматы облысының Алакөл аумағында 15-20 м/с жылдамдықпен күшті жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қатты дауыл тұрады. Жел екпіні – 15-20 м/с. Кұндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел қарқыны 23-28 м/с жетеді.

Тағы да оқыңыз: