Kyzylorda-news.kz. Фавипиравир. Короновирусқа қарсы күреске енді дәл осы дәрі де қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оның Жапония және Еуропа елдерінде белсенді пайдаланылып жатқанын айтады. Сондықтан короновирусты емдеу жүйесін кеңейтіп, осы препаратпен толықтыруды жөн көріпті.

“Дәл осы препаратты елде шығарып, ішкі сұранысты қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, бізде короновирусқа қарсы вакцинаның сынақтан өткізетін уақыт жақындады. Бұл жұмыстарды шетелдік әріптестерімізбен бірлесіп жасаймыз”, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Тағы да оқыңыз: