Достық үйі жаңа жобаларды жүзеге асырады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Достық үйі жаңа жобаларды жүзеге асырады

04.02.2021, 17:00

1811 0

Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қоғамдық келісім» мекемесі ауқымды шараларды қолға алып, жаңа жобаларды жүзеге асырмақ. Бұл туралы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте хабарлады.

«ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Алғыс айту» күніне орай аймақ басшысы Гүлшара Наушақызының бастамасымен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын және «Қазақстан. Тәуелсіздік. Ассамблея» тақырыбында салтанатты шараны өткізуді жоспарлап отырмыз. Одан бөлек облыс әкімінің орынбасары Серік Әбжәлиұлы Ахметтің бекітумен кешенді шаралар жоспары әзірленді. 18 ақпан мен 1 наурыз аралығында мазмұнды шаралар облысымыздың барлық аудандарында түрлі форматта өтеді. Қоғамда ынтымақтастық пен өзара қолдауға бағытталған «Еліме алғыс айтамын» айдарын ашу, «Шын жүректен» тақырыбында материалдар мен бейнероликтер әзірлеу, «30 жылға – 30 тілек» әр сала үздіктерін қатыстыра отырып құттықтаулар түсіру, тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, «30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында «Жүрек жылуымен» қоғамның осал топтарына гуманитарлық көмек көрсету және тағы басқа мазмұнды шаралар қарастырылды. Сыр өңіріндегі әр этностың рухани құндылықтары, қазақ жеріне келу тарихы жайлы, оның тілі мен мәдени мұраларын насихаттау мақсатында «Ұлылық ұясы», «Ізгілікке толы жылдар» айдарымен арнайы бейнесюжеттер жарық көруде. Елге еңбегі сіңген этнос өкілдері жайлы арнайы «Тұлғалар» айдарын жүргізбекпіз, -деді Бауыржан Мәстеков.

Тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған ең алғашқы этномәдени орталық ол – облыстық татар этнмәдени бірлестігі. Бірлестікке биыл 30 жыл толды. Осыған сәйкес бірлестіктің жоспарланған жұмыстары жайлы облыстық Татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина толымды мағлұмат беріп өтті.

Ал облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Алина Новикова пандемия кезінде волонтерлік бағытында атқарылған игі жұмыстарға тоқталып, алдағы ауқымды жоспарлармен бөлісті.

0

Пікір қалдыру