Kyzylorda-news.kz. «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық, аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған онлайн форматтағы оқыту семинары өтті.

Семинар «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранттық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Оқыту семинарының мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу.

Онлайн курста Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры Кәкімжан Бишманов, теолог-исламтанушы «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин Асқар және ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Мұрат Абзелбаев дәрістер оқыды.

Курс соңында дәріскерлер қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қатысушылар арасында Pre-Post сауалнамасы жүргізілді. Сондай-ақ, оқыту семинарының қорытындысында курс қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды.

Тағы да оқыңыз: