Kyzylorda-news.kz. Диетолог, нутрициолог Ирина Писарева тән сұлулығына ғана емес, денсаулыққа да кері әсер ететін ең зиянды үш салатты атады.

Зиянды салаттар тізімін бастап тұрған бәрімізге белгілі –  Оливье, оны көпшілік жақсы көреді.

“Оливье Ресейдегі ең танымал салат болса керек. Бұл ең зиян, өйткені оған майонез қосылады. Екіншіден, онда бұршақ, крахмал қосылады, сонымен қатар оны көбінесе шұжықпен жасайды. Көп мөлшерде тұз және бәрі бірге бұл өте көп калориялы көмірсулар жиынтығы болып шығады. Бұлай тамақтану қорқынышты. Бір реттік тамақтану үшін бұл өте көп “, – деді Ирина Писарева.

Екінші орындағы зияны – майшабақпен жасалатын салат.

“Бұл танымалдығы жағынан Оливьемен бірдей. Оны ешкім йогуртпен, қаймақпен жасамайды. Адамдардың 90 пайызы майонезбен жасайды, оған көп мөлшерде тұз және қант қосылады. Екіншіден, онда әртүрлі тағамдарды араластырады. Картоп, жұмыртқа, бұлар аллергенді болады, ал майшабақ тұзды. Ісінуге және бүйрек проблемалары бар адамдар үшін, бұл салатты жемеген дұрыс”, – деді диетолог.

Үшінші салат, диетологтың айтуынша, мимоза. Бұл да майонезбен жасалатын тағам, үйлесімсіз өнімдердің қосылысымен жасалады.

Маман кез келген салатты денсаулыққа зияны тимейтіндей жасауға болады дейді. 

“Мәселен, оливьені алсақ, шұжықты тауық филесіне ауыстыру. Оны қосымша тұздаудың қажеті жоқ өйткені әртүрлі ингредиенттердің жалпы санына байланысты ол өзі де тұзды болады. Майонезді йогуртпен ауыстырыңыз. Немесе зәйтүн майын қолдануға болады.

Салат аз калориялы және пайдалы болады. Сондай-ақ, көбісі жұмыртқаны авокадомен алмастырады. Авокадо құрамында пайдалы майлар бар және ол зиянды  холестеринді өндіруге ықпал етпейді, жұмыртқаның сарысында оның көп мөлшері бар”, –  деп түйіндеді Писарева. 

Stan.kz

Тағы да оқыңыз: