Kyzylorda-news.kz. Шиеліде ҰБТ-ның жоғарғы балын жинаған түлек Диас Қиянбекұлы сынақтан кейін өз ойымен бөлісті.

«Тестке сенімді кірдім. Себебі өз біліміме сендім. 4 сағат ішінде асықпай, ойланып, жауап жаздым. Уақыттың есептеулі екенін түсіну керек. Тыйым салынған затты алып кіргеннен еш нәтиже болмайды. Оған алаңдап отырып, уақыт өткізіп аласың. Сондықтан алдағы күні тест тапсыратын түлектерге айтарым, өздеріңізге ғана сеніңіздер. Бәрі де біз оқыған тақырып, біз меңгерген білім. Сондықтан тестке аса дайындықпен келіп, қалаған нәтиже алайық», – дейді Диас Қиянбекұлы.

Айта кетейік, Диас жалпы білім беретін пәндерден өткізілген Республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңінде география пәнінен II орын, Daryn.online білім беру платформасында тарихымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған I Республикалық «Жас тарихшы» олимпиадасынан II орын, жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық онлайн олимпиадасы Қазақстан тарихы пәнінен I орын иегері.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мұстафа Шоқай атындағы №41 мектеп түлегі Диас Қиянбекұлы  Ұлттық бірыңғай тестілеуден 130 балл жинағанын хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз: