Kyzylorda-news.kz. Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Рафхат Бисенов болашақ мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды.

Р.Бисенов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алушы студенттерге еліміздің мемлекеттік қызметінің даму тарихы, саладағы реформалар мен тың бастамалар жайлы құнды мағлұматтар айтты.

Сонымен қатар, департамент басшысы мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру бойынша түсіндірмелер берді. «Мемлекеттік қызметші ең алдымен патриот болып, отанын сүю керек. Мемлекеттік қызметшіден адалдық, білімділік, біліктілік, кәсібилік талап етіледі. Әрбір қызметкер бәсекеге қабілетті болуы тиіс», – деді Р.Бисенов.

Дәріс барысында студенттердің сұрақтарына жауаптар беріліп, мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, оның танымалдығын арттыру туралы пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Аймақтың басты білім ордасымен жасалынған екіжақты меморандум аясында өткізіліп отырған дәріс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: