Демалыста күн жылы болады – Kyzylorda News
Басты бет

Демалыста күн жылы болады

15.10.2021, 16:20

352 0

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 16-18 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағына антициклон әсер етуі жалғасады. Республиканың дерлік барлық аумағында құрғақ, жылы күн райы сақталады. Еліміздің тек батыс бөлігінде ғана циклон әсерінен жаңбыр жаууы мүмкін. Батыс және оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады. Республиканың батыс, солтүстік-батыс бөлігінде күндіз ауаның температурасы 12-22 градус жылы болса, солтүстік, шығыс және орталығында 13-20 градусқа дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 13-23 градусқа дейін көтеріледі.

0

Пікір қалдыру