Kyzylorda-news.kz.  Қазгидромет 27-29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанға солтүстік-батыс антициклоны ығысып келеді. Соның әсерінен жауын-шашынсыз болып, солтүстікте күн суытады.

Алайда батыс өңірлерге Ресейдің еуропалық бөлігінен жылы фронт келеді. Сондықтан күндіз ауа температурасы көтеріледі.

Солтүстік аймақта түнде минус 10-18, күндіз 7-15 градус аяз.

Батыста күндіз 0 – плюс 5 градусқа дейін жылынады. Ал оңтүстік-батыста плюс 12 градус.

Шығыста түнде минус 15-23 градустан минус 8-16 градусқа дейін біршама жылынады. Күндіз 0 – минус 10.

Оңтүстікте де ауа температурасы көтеріледі. Түнде 0 – минус 10 градустан 0 – плюс 5- қа дейін, күндіз 0-10 жылыдан плюс 3-15 градусқа дейін көтеріледі.

Ал оңтүстік-шығыста түнде 0 – минус 10, күндіз минус 3 – плюс 7 градус шамасында болады.

Тағы да оқыңыз: