Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық мемлекеттерді жаңа пандемияға дайын болуға шақырды.

Бұл тақырып дүйсенбіде басталатын дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында талқылауға арналған негізгі тақырыптардың бірі ретінде қарастырылады.

“Біз келесі пандемияға дайын болу үшін қазірден бастап әрекет етуіміз керек. Өткен жылы біз төтенше жағдайға дайындығы мықты елдер SARS-CoV-20 вирусының таралуын тоқтату және бақылау бойынша жедел шаралар қолдана алғанын көрдік”, – делінген ДДСҰ сайтында жарияланған хабарламада.

ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ережелерді қатаң сақтау арқылы мүше мемлекеттердің денсаулық жағдайындағы төтенше жағдайларға, мысалы, COVID-19 дайындығын жақсарту жөніндегі қаулы жобасын қарастырады.

 Stan.kz

Тағы да оқыңыз: