Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, қазақстандықтар масканы далада да тағуға міндеттеледі.

Бетперде қай жерде тағылуы тиіс 

  • жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т. б.), сондай-ақ көлікте, далада болған кезде барлық адамдарға;
  • СОVID-19 күдігі бар адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;
  • коронавирустық инфекцияға ұқсас ауру белгілері бар адамдарға (дене температурасының көтерілуі, жөтел, түшкіру).  

Бұл талапты сақтамағандарға әкімшілік шаралар қолданылатыны айтылған.

Бас санитардың айтуынша, бетперде коронавирустан қорғайды. Оны ғалымдар дәлелдеген. Оған қоса, адам күніне бірнеше рет бетін ұстайды. Оны өзі де байқамайды. Осындайда вирус тыныс алу жолдары арқылы кіріп кетуі мүмкін. Ал бетперде таққан адам бетін ұстаса да, қолдағы инфекцияның жұғу қаупі төмен болады.  

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вирустың өршу себебі туралы сұраққа жауап берді. Айтуынша, бұған ең алдымен тұрғындардың карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін босаңсып кеткені себеп болды.

Маска тағу режимін сақтамастан қоғамдық орындарда жайбарақат жүргендердің қатары артқан, деді сала басшысы.

Тағы да оқыңыз: