Kyzylorda-news.kz. Дәрігерлер халықты вакцина алуға шақырып жатыр. Олар әр адам екпе алуға жауапкершілікпен қарау қажет деп санайды. Осы орайда Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында №6 қалалық емхананың эндокринолог дәрігері Гүлжан Абсатова да «әр азамат екпе егу жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, вакцина қабылдауы тиіс» деген пікір пікір білдірді.

«Әлем елдерінің індетпен алысып жатқанына бір жылдан асты. «COVID – 19» вирустық инфекция қатарына жатады. Яғни, ауру ауа арқылы тарап, азаматтарға ауа арқылы жұғады. Бұл дертпен күресу оңай емес, бүгінде әлем бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал сөзімізге дәлел. Өткен жылдан бері шетелдік және отандық ғалымдар бұл дертпен күресу үшін вакцина жасау жолында көп тер төкті. Нәтиже – қуанарлық. Мамандар азаматтарға коронавирус індетінің алдын-алуға мүмкіндік беретін препараттар ұсынып отыр. Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап, елімізде жаппай вакцинация шаралары басталды. Ендігі кезекте, әр азамат екпе егу жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, вакцина қабылдауы тиіс. Ұжымдық иммунитет қалыптастыруға асығайық. Сонымен қатар, қарапайым сақтық шараларын ұстанайық», – дейді ол.

Тағы да оқыңыз: