Дәрігер Болатбек Айсауытовтың отбасына «Құрмет» ордені табысталды – Kyzylorda News
Басты бет

Дәрігер Болатбек Айсауытовтың отбасына «Құрмет» ордені табысталды

15.07.2020, 17:00

3478 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Арал теңізінің обаға қарсы күрес станциясының Қазалы филиалында диагностика және алдын алу зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істеген, Айсауытов Болатбек Нәкебайұлының отбасына барып, қайғыларына ортақтасып, көңіл-қосын білдірді.

Аудан басшысы медицина қызметкерлерінің пандемиямен күрестегі қажырлы еңбектеріне тоқталып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Болатбек Нәкебайұлының атына берілген «Құрмет» ордені мемлекеттік наградасын әйеліне табыс етті.

Болатбек Нәкебайұлы 1967 жылы 23 қарашада Арал қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1995 жылы Арал аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер-эпидемиолог қызметінен бастаған.

Жоғары санаттағы дәрігер-бактериолог 2014 жылдан бастап Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясының Қазалы бөлімшесінде диагностикалау және профилактика зертханасының меңгерушісі қызметін атқарып келді.
Өкінішке орай, 5 шілде күні бақилық сапарға аттанған болатын.

0

Пікір қалдыру