Kyzylorda-news.kz. Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамда бірнеше симптом пайда болады. Соның бірі – дәм мен иіс сезбеу. Егер адамда тек осы екі симптом байқалса, бұл оның коронавирус жұқтырғанын білдіре ме? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде медицина ғылымдарының кандидаты Нұрила Малтабарова мен доцент Баян Тұрдалина жауап берді.

“Тек дәм мен иіс сезуден қалған адамды коронавирус жұқтырды деп айту қиын. Себебі вирус жұқтырған адамның температурасы көтеріледі, тұла бойы күрт әлсірей бастайды. Статистика бойынша, коронавирусқа шалдыққандардың тек 50%-і дәм мен иіс сезбей қалған. Сондықтан тек осы симптомдар адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын білдірмейді”, – дейді Баян Тұрдалина.

“Дәм мен иіс сезбей қалудың өзге себептері болуы мүмкін. Бұл симптомдар пайда болса, байбаламға салынып, компьютер томограммасын жасатамын, рентгенге түсемін деп әуреге түспеген жөн”, – деп жауап берді Нұрила Малтабарова.

Massaget

Тағы да оқыңыз: