COVID-19: Жаңа қаулы қабылданды – Kyzylorda News
Басты бет

COVID-19: Жаңа қаулы қабылданды

15.01.2022, 14:00

711 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №1 Қаулысы қабылданды.

Қаулыға сәйкес ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

– ойын-сауық, көрермендермен спорттық іс-шараларды, мерекелік корпоративтерді, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және адамдар көп жиналатын өзге де ашық ауада, үй ішінде де іс-шараларды, отбасылық еске алу, салтанатты, оның ішінде үйдегі іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу өткізуді қоспағанда;

«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан:

– концерт залдарының, театрлар, кинотеатрлар, филармониялардың жұмысына;

– діни бірлестіктер объектілері мен аумақтарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге;

– конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды өткізуге (көзбе-көз режимде кеңестерді (отырыстарды) қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайды қоспағанда);

– түнгі клубтарының жұмысына;

– қоғамдық тамақтану объектілерінде бар үстелдерінде қызмет көрсетуге, ән айту және би билеу қызметін көрсететін караоке жұмысына (қоғамдық тамақтану қызметін қоспағанда);

– жеке кездесулерді өткізуге (егілген 10 адамға дейінгі жағдайларды қоспағанда).

БҰДАН БӨЛЕК, ОБЛЫС ЖӘНЕ АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕР 31 ҚАҢТАР 2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН – ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНДА БОЛАДЫ, АУЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕР-ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТЖОО, ООО-ның БАРЛЫҚ КУРС СТУДЕНТТЕРІ 2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН – ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНДА БОЛАДЫ

Өзге де шектеулер Қаулы мәтінінде

Қаулы 2022 жылдың 17 қаңтар 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.