Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 634, ал симптомсыз – 458 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 613 адамға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Симптомды жаңа 7 жағдайдың 4-еуі скринингтен анықталса, 1 науқас ақылы сынама тапсырғаннан, 2-і індет жұқтырған адаммен байланыста болған. Ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 21 дерегі тіркелді. Оның 11-і скринингтен, 5 науқас ақылы сынама тапсырғаннан, 5-і қарым-қатынас арқылы жұқтырған», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған – 7 226 азамат анықталды. Оның ішінде, 4760-ы тікелей қарым-қатынаста, 2466-ы жанама байланыста болған.Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: