Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны 491-ге жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 3 дерек тіркелді. Симптомды жаңа жағдайдың 2-еуі емхананың скринингінен, ал 1-еуі өз еркімен ақылы сынама тапсырып анықталған», – деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 5729 азамат анықталды. Оның ішінде, 3446-і тікелей қарым-қатынаста, 2283-і жанама байланыста болған. Мұнан өзге, індеттен айығып шыққандар саны 371-ға жетті. Соңғы тәулікте 25 науқас емделіп шықты.

Құрметті облыс тұрғындары, сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: