Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны 493-ке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 2 дерек тіркелді. Симптомды екі жағдай, өз еркімен ақылы сынама тапсыру барысында анықталған»,- деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 5765 азамат анықталды. Оның ішінде, 3470-і тікелей қарым-қатынаста, 2295-і жанама байланыста болған. 

Мұнан өзге, індеттен айығып шыққандар саны 399-ға жетті. Соңғы тәулікте 17 науқас емделіп шықты. 

Құрметті облыс тұрғындары, сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: