Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 360 орындық провизорлық орталық жабылды.

Медициналық мекеме індет өршіп тұрған уақытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 5-ші жатақханасынан ашылған болатын. Жатақхана толықтай медициналық құралдармен жабдықталды. Бірінші қабатында фильтр кабинеті орналастырылды.

Шіденің 1-і күні жұмыс істей бастаған орталықта 1 айда өкпесі қабынған 1000-ға жуық науқас емделді. Енді міне соңғы адам еміне шипа тауып, үйіне қайтты.

Зейнеткер бұл орталыққа өте ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлердің біліктілігі мен қажырлығының арқасында екі аптада денсаулығы жақсарды.

Айта кету керек, емдеу мекемесінде 200-ге жуық медициналық қызметкер 2 ауысыммен қызмет еткен.

Тағы да оқыңыз: