Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 558, ал симптомсыз- 231 азамат.

Аймақта індеттен айығып шыққандар саны 484-ке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Симптомды жаңа жағдайдың 5-і скринингтен, екеуі қарым-қатынастан болса, симптомсыз коронавирус инфекциясының 16 дерегі анықталды. Оның 9-ы скринингтен, , 7-і індет жұқтырған науқаспен байланыста болғаннан анықталды»,- деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 6112 азамат анықталды. Оның ішінде, 3732- тікелей қарым-қатынаста, 2389- жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: