Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты кезекті штаб отырысы өтті.

Штаб отырысында аудан көлеміндегі той-жиындардың тоқтамай тұрғандығы айтылды. Осыған орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мониторингтік топтардың жұмысын сынап, қатаң шаралар қабылдануы қажет екендігін айтты.

Мұнан соң аудандық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлсім Имандосова Әйтеке би кентінде жұқпалы індетке шалдыққандардың қарасы қалың болып тұрғанын тілге тиек етті. Сол үшін де аудан орталығында той-жиындардың тоқтату қажеттігін айтты.

Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева аудандағы вакцинациялау жұмыстары жөнінде хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.

Бас дәрігер Бақытгүл Әлмәмбетқызының айтуынша, қазіргі таңда ауруханадағы 6 науқастың жағдайы өте ауыр. Бір отбасыдан 3 адам індет жұқтырған деректер де бар. Барлығы да той-жиындарға барған.Басқосуға аудан прокуроры Бақытжан Мырзабаев та қатысып, өзінің ой-пікірлерін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: