Цифрлық таңбалауды енгізгеннен кейін сүт өнімдерінің барынша қымбаттауы 1,76 пайыздан аспайды – Kyzylorda News
Басты бет

Цифрлық таңбалауды енгізгеннен кейін сүт өнімдерінің барынша қымбаттауы 1,76 пайыздан аспайды

02.09.2021, 10:40

125 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша цифрлық таңбалау енгізілгеннен кейін сүт өнімдерінің қымбаттауы 1,76% – дан аспайды. Сонымен қатар, өнімнің осы түріне цифрлық таңбалауды енгізген Ресей мен Беларусьтің тәжірибесі айтарлықтай бағаның өзгермегенін көрсетеді.

Қазақстандағы сүт өнімдері (жаппай сұраныс өнімі) нарығындағы көлеңкелі айналым 13%-ды құрайды. Қазақстан сүт одағының мәліметтері бойынша, сүттің 33%-ы стихиялық сауда жағдайында, сәйкестік сертификатынсыз, антибиотиктер мен бактерияларға тексерусіз сатылады. Цифрлық таңбалауды енгізу тұтынушыны мерзімі өткен тауардан қорғауға мүмкіндік береді, жарамдылық мерзімін қолдан жасау мүмкін болмайды: тауар туралы барлық мәліметтер Data Matrix кодымен қорғалатын болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда сүт өнімдерін цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Жобаға қатысушы компанияларға олардың өндірісінде өнімге Data Matrix кодын енгізу тетіктерін сынақтан өткізу үшін арнайы жабдық тегін беріледі.

«Қазір сүт өнімдерін өндірушілер тарапынан таңбалауға байланысты кейбір қауіптер байқалады. Бұл түсінікті, себебі әрбір жаңашылдық аясында болуы мүмкін. Сондықтан біз нарыққа алдын ала талдау жүргіземіз, пилоттық жоба басталар алдында біз өнімді таңбалауға кететін бизнестің мүмкін болатын шығындарына есебіне жүргіздік. Мәселен, таңбалауға байланысты сүт өнімдерінің қымбаттауы 1,76% – дан аспайды, өйткені 1 желіге арналған жабдыққа жұмсалатын шығындар 0,5-тен 9,2 млн теңгеге дейін болады. Өнімнің түпкілікті бағасындағы жабдық шығындарының үлесі әдетте 0,06-дан 0,15% – ға дейін. Соңғы 5 жылда таңбалаусыз сүт өнімдері құнының орташа жылдық өсу қарқыны 6-дан 13% – ға дейін болды. Бұл тұрақты өсу үрдісін айқындайды, ал тауарларды таңбалау мен қадағалауды енгізу сүт өнімдерінің түпкілікті құнына айтарлықтай әсер етпейді», – деп атап өтті Цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры Нұржан Баекеев.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан сүт өнімдерін өндірушілер үшін таңбалау жабдығына жұмсалатын шығындардың 50-ден 80% – ға дейінгі өтемақысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдау шаралары көзделетін болады.

Өндірушілердің шығындарын 2,5-4 есе азайту баспа арқылы тұтынушылық қаптамаларға таңбалау кодтарын енгізуге мүмкіндік береді, бұл жағдайда таңбалау жабдықтарын орнатудың қажеті жоқ. Бұл өндірушілердің күрделі шығындарын азайту және өндіріс желілерінің баяулау қаупін азайту мүмкіндігі.

«Цифрлық таңбалаудың арқасында талдау және жоспарлау мүмкіндігі пайда болады, дистрибьюторлар сөрелердің толып кету қаупін тудырмай, оларды уақытында толтыра алады. Сондай-ақ, болашақта өндірістік ақаулардың төмендеуі және тез бұзылатын тауарлардың қайтарылуы күтілуде. Бұл бастамалардың барлығы өндірістік шығындардың және өндірушілердің шығындарының қысқаруына әкелуі тиіс», – дейді Нұржан Баекеев.

Еске сала кетейік, Қазақстанда темекі өнімдері мен тері бұйымдарын міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. 2021 жылғы 1 қарашада аяқ киімнің міндетті цифрлық таңбалануы енгізілетін болады. Сондай-ақ, ҚР-да дәрілік препараттарды таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталды, қазіргі уақытта алкоголь өнімдері, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, қапталған су және алкогольсіз сусындар бойынша пилоттық жобалар іске асырылуда.

0

Пікір қалдыру