Kyzylorda-news.kz. “Болашақ” университеті жаңа оқу жылын аралас оқыту форматында бастамақ. Университетте дәрістер онлайн түрде өтсе, практикалық және зертханалық сабақтар санитарлық режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтап дәстүрлі түрде жүргізілетін болады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте “Болашақ” университетінің ректоры Қуаныш Дәуренбеков биылғы оқу жүйесіндегі өзгерістерді баяндады.

«Биылғы оқу жылы бірқатар өзгерістермен басталғалы отыр. Қазіргі уақытта оқу процесін дайындау жұмыстары аяқталды. Оқу форматын ескере отырып сабақ кестесі жасалды. Дене шынықтыру сабақтарын қоспағанда, білім алушылар аудиторияда болған уақытта бетперде режимі сақталады. Оқу ғимараттары санитарлық талаптарды сақтауға қажетті дезинфекциялық тунельдер мен қол термометрі және санитайзерлермен қамтамасыз етілген. Өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, оқытушылар мен студенттерге барлық сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, университет қызметкерлерінің 93 пайызы және білім алушылардың 53 пайызы екпе алды”,- деді университет ректоры Қуаныш Қойшығылұлы.

Сонымен қатар, университеттің оқу ғимараттары мен жатақханаларға «Ашық» бағдарламасы орнатылған. Яғни, ғимараттарға «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар білім алушылар мен “жасыл” мәртебесі бар педагогтар мен қызметкерлер кіре алады.

Тағы да оқыңыз: