Kyzylorda-news.kz. Әлемдегі ең ірі автоөндірушілердің бірі BMW компаниясы бетперде тігуге кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қорғану құралы шығарылатын фабрика Ваккерсдорф қаласында орналасқан. Белгілі болғандай, мұнда бетперде тігу жұмысымен 15 адамнан құрылған тігіншілер тобы айналысады. Олар үш ауысыммен жұмыс істейді. Компания өкілі Ральф Хаттлердің айтуынша, күніне 200 мың маска шығару жоспарланған. Оның бір бөлігі BMW қызметкерлеріне таратылса, қалғаны ауруханаларға жеткізілмек.

Тағы да оқыңыз: