«Бизнестің жол картасы – 2025»: Қазалыда жаңа сауда орталығы ашылды – Kyzylorda News
Басты бет

«Бизнестің жол картасы – 2025»: Қазалыда жаңа сауда орталығы ашылды

30.08.2021, 17:00

231 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде «Сезім» сауда орталығы ашылды.

Аумағы 1500 шаршы метр болатын сауда орталығын жеке кәсіпкер Күлай Батыр іске қосты.

Жобаның жалпы құны 200 млн теңге. Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 23 млн теңге жеңілдетілген несие алған. Сауда орталығында 6 адам жұмыспен қамтылады.

Кәсіпкердің айтуынша, сауда орталығының бірінші қабатында 50 бутик ашылса, екінші қабаты тұрмыстық техникалар сататын «Эврика» дүкендер желісі арендаға алады. Бұл жөнінде алдын ала келісім бар.

Жаңадан ашылған сауда орталығын аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап аралап, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

Кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосқан Күлай Батыр аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Жеке кәсіпкер Күлай Айменқызы көп жыл кинопрокат мекемесінде жұмыс істеген. 2000 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналыса бастаған. Кәсібін дөңгелетуге жұбайы мен балалары қолғабыс жасап, үнемі жанынан табылады.

0

Пікір қалдыру