Биылдан бастап елімізде құжат алу қанша тұрады? – Kyzylorda News
Басты бет

Биылдан бастап елімізде құжат алу қанша тұрады?

08.01.2020, 12:20

611 0

Kyzylorda-news.kz. Жаңа жылдан бастап Қазақстанда құжат алу қанша теңге тұрады? Биыл айлық есептік көрсеткіштің көлемі қанша екенін білесіз бе?

Egov.kz сайтында 2020 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгені құрайтындығы хабарланған болатын.

Қазақстан азаматының паспорты азаматтардың тілегі бойынша, жасына қарамай беріледі және ол иесінің ҚР аумағынан тыс жерге баруы кезінде жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.

Қаңтар айынан бастап паспорт алу қызметінің құны – 8 АЕК немесе 21 208 теңге. Паспорт 10 жыл мерзімге беріледі.

Елімізде туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.

Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде – 0,5 АЕК немесе 1 325 теңге.

Жеке куәлік алу қызметінің құны – 0,2 АЕК немесе 530 теңге.

Құжаттарды алу мерзімі 15 күнге дейін барады.

Жеке куәлікті ауыстыруға уақытылы өтініш бермеген жағдайда айыппұл – 7 АЕК немесе 18 557 теңге.

Қазақстан азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан беріледі және республиканың аумағында қолданыста болады.

Қазақстан Республикасының азаматына жеке куәлік он жыл мерзімге беріледі

Электронды үкімет сайтында жазылған ақпаратқа сәйкес, қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алу қарастырылған.

Осы жылы жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 314 теңге болып белгіленді.

0

Пікір қалдыру