Биыл Қызылордада 5 спорт кешені пайдалануға беріледі – Kyzylorda News
Басты бет

Биыл Қызылордада 5 спорт кешені пайдалануға беріледі

13.01.2022, 17:44

330 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жеке меншік әріптестік бағытында спорт кешендері салынып, саны артуда. Мемлекет тарапынан да қаржы бөлініп, биыл бес спорт кешені пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл мәлімдеді.

«Алда атқарылатын шаруа көп. Қазір ең бірінші мәселе жан басына шаққандағы қаржыландыруды ұйымдастыру. Бұл бойынша облыс әкімі спорт саласына қолдау көрсетіп, қаржы мәселесі шешілді. Сондай-ақ бөлінген қаржы арқылы бұқаралық спортты дамытып, оған жасөспірімдер мен жастарды тартатын боламыз. Өйткені бұл үлкен мәселе. Бұған тек қала емес, ауыл-аудан спортшылары белсенділік танытуда», – деді Асылжан Зулфқарұлы.