Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасында 2020 жылы аз қамтылған отбасылардың балаларына мемлекет тарапынан қандай көмек бөлінетіндігін түсіндірді.
Қоғамдық қабылдаудың атап өтуінше, жеңілдігі бар жол жүру билеті, мектепте тегін тамақ пен азық-түлік пакетінен бөлек 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп киімі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар мемлекеттік әлеуметтік көмек ретінде беріледі.
Ұлдарға арналған мектеп киімі жиынтығына мыналар кіреді:
– пиджак;
– жилет;
– шалбар;
– мерекелік көйлек;
– күнделікті киюге арналған көйлек;
– трикотаж жилет.
Қыздарға арналған мектеп киімі жиынтығына мыналар кіреді:
– пиджак;
– жилет;
– белдемше;
– классикалық жейде;
– трикотаж жилет;
– сарафан.
Бастауыш сынып оқушыларға арналған жазу және мектеп жабдықтары мыналардан жиынтықталады:
– рюкзак;
– күнделі;
– жай дәптер (20 дана);
– қаламсауыт;
– сурет салуға арналған альбом;
– қаламсап (5 дана);
– жай қарындаш (10 дана);
– қап (15 дана);
– пластилин;
– акварель бояуы;
– сызғыш;
– өшіргіш.
Орта буын оқушыларына мыналар беріледі:
– рюкзак;
– күнделі;
– жай дәптер (20 дана);
– қалың дәптер (10 дана);
– қаламсауыт;
– сурет салуға арналған альбом;
– қаламсап (5 дана);
– жай қарындаш (10 дана);
– қап (15 дана);
– пластилин;
– акварель бояуы;
– сызғыш;
– өшіргіш.
Жоғары сынып оқушыларына:
– рюкзак;
– күнделі;
– жай дәптер (20 дана);
– қалың дәптер (10 дана);
– циркуль;
– қаламсауыт;
– сурет салуға арналған альбом;
– қаламсап (5 дана);
– жай қарындаш (10 дана);
– қап (15 дана);
– пластилин;
– акварель бояуы;
– сызғыш;
– өшіргіш.