Kyzylorda-news. kz. QazAvtoJol компаниясы жаұында пайдалануға беруге дайын ақылы учаскелер туралы жариялады.

«Бүгінгі таңда «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Шымкент – Өзбекстан шекарасы» (Ташкент), «Щучинск – Көкшетау», «Қапшағай – Талдықорған», «Шымкент – Тараз», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда» учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын. Бұл учаскелер барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Аталған учаскелерді пайдалануға беру туралы бұйрық жобалары мемлекеттік органдардың келісуінде», – делінген компания мәліметінде.

Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазан айынан тестілік режимде, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі.

«Ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемесі 2013 жылы «Нұр-Сұлтан – Щучинск» бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады. ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар. Аталған мәселе мемлекеттік органдардың келісуінде», – деп аталып өткен хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгермейді.

Тағы да оқыңыз: