Kyzylorda-news.kz. Түркістан облысының полицейлері Ақмешіт үңгірінде болған төтенше жағдайды зерттеп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, 5 наурызда сағат 9.00-де жергілікті тұрғындардың бірі Ақмешіт үңгірінде тапшандар мен үстелдердің өртенгенін көріп, полицияға хабар берген.

Сондай-ақ, ер адам белгісіз біреулердің үңгірден қазандарды, самаурынды және басқа заттарды ұрлап кеткенін хабарлаған. Келтірілген шығын 300 мың теңгеден асады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайы анықтап, күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Ақмешіт үңгірі Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Жыл сайын мұнда 70 мыңнан аса турист келеді.

Тағы да оқыңыз: