Bek Air ұшақтары халықаралық қауіпсіздік сертификатынсыз ұшқан – Kyzylorda News
Басты бет

Bek Air ұшақтары халықаралық қауіпсіздік сертификатынсыз ұшқан

28.12.2019, 14:00

474 0

Kyzylorda-news.kz. Bek Air компаниясы IATA (IOSA – IATA Operational Safety Audit) халықаралық әуе көлігі қауымдастығының қауіпсіздік аудитінен өтпеген. Дегенмен ішкі әуе тасымалындағы бәсекелестікті күшейту үшін әуе компаниясына жұмыс істеуге рұқсат берілген. Бұл туралы Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, министрлікке бизнес қауымдастықтан және халықтан көп ұсыныс түскен.

«Барлығының әуе тасымалы нарығында жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ. Бәсекелестікті қорғауды ескере келе, ережеден IOSA аудитінен өткізу талабын алып тастадық. Халықаралық әуе тасымалында барлық аудит бар. Сондықтан Bek Air компаниясының ұшақтары шетелге ұшқан жоқ», – деді Қамалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Bek Air компаниясы IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығының қауіпсіздік аудитінен өтуден бас тартқан. Компания өкілдері бұл тексеріс өте қымбат тұратынын, әрі оның міндетті емес екенін атап өткен.

0

Пікір қалдыру