Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды – Kyzylorda News
Басты бет

Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

29.01.2020, 11:00

277 0

Kyzylorda-news.kz. Алматы әуежайында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы Миржан Молдақұлов қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, 54 жастағы Молдақұлов үйінде көз жұмған.

Ұшқыштың 5 қаңтарда ес жиып, жансақтау бөлімінен профильдік бөлімшеге ауыстырылғаны хабарланған. Ол ауруханадан 21 қаңтарда шығарылған. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 28 қаңтар кешкі 18.00-де жедел жәрдемге Молдақұловтың жағдайы нашарлағаны жайлы шақырту түскен. Жедел жәрдем дәрігерлері науқастың жүрек қағысын реттеуге тырысқанымен нәтиже болмаған.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы әуежайына жақын жерге құлап, сол маңдағы үйге соғылған болатын. Ұшақта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. 12 адам қаза тауып, ондаған жолаушы ауруханаға түскен. Мерт болғандар арасында борт капитаны Марат Мұратбаев та болған.

Azattyq.org

0

Пікір қалдыру