Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

23.09.2021, 9:00

232 0

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК мамандары 23 қыркүйек күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстік-шығысының таулы аудандарында фронттардың ықпалымен ауа райы құбылмалы болады.

Соның әсерінен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстігінде аздаған жауын-шашын болады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жел күшейіп, батысында және оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында тұман түседі.

0

Пікір қалдыру