Kyzylorda-news.kz. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың, қатысушылардың құқықтары мен міндеттері нақты айқындалады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заңда бейбіт жиынды ұйымдастырушылардың, қатысушылардың, журналистердің мәртебесі, құқықтары мен міндеттері бекітіледі. Қолданыстағы заң қатысушыларды, ұйымдастырушыларды шектемейді. Осыған орай заңда ұйымдастырушылардың, қатысушылардың мәртебесін, құқығы мен міндеттерін айқындау ұсынылады», – деді министр Мәжілісте Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын таныстыру барысында.

Оның атап өтуінше, бұл бейбіт жиналыстардың қатысушылары және ұйымдастырушылары болуы ықтимал тұлғаларға талаптарды айқындауға мүмкіндік береді.

«Ұйымдастырушылардың, қатысушылардың құқықтары мен міндеттері нақты айқындалатын болады. БАҚ саласындағы өкілетті орган бейбіт жиналыстарға қатысатын журналист қызметінің ережесін, журналистік айырмашылық белгісі пішінін қабылдайтын болады. Ұйымдастырушылар үшін бейбіт жиналыстарды өткізудің ыңғайлы болуы мақсатында ұйымдастырушылардың айырмашылық белгілерінің пішіні қабылданады», – деді Дәурен Абаев.

Тағы да оқыңыз: