Бегімбай Ұзақбаев: «Елбасы мақаласы – қысылтаяң шақта бізге үлкен қолдау» – Kyzylorda News
Басты бет

Бегімбай Ұзақбаев: «Елбасы мақаласы – қысылтаяң шақта бізге үлкен қолдау»

08.04.2020, 17:30

826 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған мақаласында еліміздің індетпен күреске ең алғашқылардың бірі болып кіріскенін атап өтті.

«Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді. Өзге елдерде вирус қалай пайда болып, пандемия қалай өрбіп, өршігені бақыланды. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр», делінген Елбасының мақаласында.

Ұлт көшбасшысы мемлекет тарапынан жер жерде атқарылып жатқан жұмыстарға бүкіл халық болып қолдау көрсетуге шақырды.

Елбасы мақаласындағы ең басты түйін мемлекеттің негізгі мақсаты адамды жән оның денсаулығын сақтау екендігіне баса назар аудару болды.  Ұлттық қорымызда 90 млрд доллар қаражатымыз бар деуі де ертеңге күнге сенімімізді күшейте түседі. Бұл қор үнемі толықтырылып отырады. Сондықтан мемлекет мойнына алған әлеуметтік саясатты жүзеге асыра береді.

Бір сөзбен айтқанда, Елбасы мақаласын қысылтаяң шақта бізге жасалған үлкен қолдау деп білемін.

Бегімбай ҰЗАҚБАЕВ,

жазушы.