Kyzylorda-news.kz. Қазір көпшілікті «Праймериз» деген тақырып қызықтыруда. «Nur Otan» партиялық тізім бойынша сайлау жүйесін енгізіп отыр. Партия жариялаған праймериз елдің саяси жүйесінің болашақ бағдарын айқындайды.

Бұған дейін   жасыратыны жоқ  қоғамда депутат болу үшін бизнесің, қаржылай қорың, демеушілік тірлігің болуы керек деген қасаң түсінік болатын. Алайда  бүгінгі қоғамның қазіргі сұранысына бұл қалыптасқан түсінік жарамайды. Лауазымды қызметте істемесе де, ірі бизнесі болмаса да бірақ есесіне белсенді азаматтық ұстанымы бар қатардағы азамат  партия атынан депутат болуға мүмкіндігі бар.

«Nur Otan» партиясы ұсынып отырған  Праймериз саясаттың тек ерекше таңдаулы адамдардың ғана еншісі емес екендігін көрсетеді.

Тап қазіргі қоғамға  жаңа идеялары бар, әрі қарай дамуға көмек беретін креативті адамдар қажет. Бұл  жаңа заманның  депутаты батыл болу керек,  жұмыс өрісі кең болуы тиіс  дегені. Ашық, бәсекелестік негізде ұйымдастырылып отырған  Праймериз – өңірлердегі келешегі бар жастардың елдің саяси сахнасына шығуына мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік лифт.

Осы мүмкіндікті сырбойылық теміржолшыларда пайдалануда. Сайлау алдындағы сайлау  додасына теміржолшылар арасынан құжат тапсырғандар бар. Олардың әрқайсысы қолынан іс келетін, билікке түрлі проблемаларды шешудің жолдарын ұсына білетін, ой өрісі терең, қоғамдық жұмыстардың ортасында жүретін азаматтар. Бақ пен бап сынайтын саяси додада партияластарымызға сәттілік тілеймін.

Үміткерлерді ұсыну мен тіркеу мерзімінің бітуіне небәрі бір күн  уақыт қалды. Алдағы уақытта халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалысамын және елім үшін қызмет етемін деген белсенді азаматтар болса праймеризге қатысуға шақырамын. 

 Егер бойыңызда   қоғамда болып жатқан түрлі мәселелерді тап басып, одан нақты нәтиже шығара аламын деген сенімділікті байқасаңыз  елге қызмет етуге шақырамын.  Елге бірге қызмет етейік!

Базара ТАНБАЕВА

 ” Nur Otan” партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі,

“Nur Otan” партиясы

 Теміржол филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Тағы да оқыңыз: