Kyzylorda-news.kz. Әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері Облыстық төтенше жағдайлар департаменті және Полиция департаментінің қызметкерлері волонтерлермен бірлесіп жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аралау жұмыстары «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында 15 қазанға дейін жалғасатын болатын.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Ізбасаров мәлімдеді.

«Үгіт-насихат жұмыстары барысында 156 тұрғын үйде 216 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандығы анықталса, 178 кемшілік сол сәтте қалыпына келтірілді. Басты назар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасынан алынған тізімге сәйкес тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғызбасты ана және мүгедек жандары бар 7 691 отбасы тұратын үйлерге аударылуда. Оларға 3 941 отбасына көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алу бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныс хаттар жолданып, қазіргі таңда 4 000 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алу процесі жүргізілуде. Сонымен қатар 4 қыркүйекте «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұсынған тізім бойынша Департамент қызметкерлерімен Наурыз және Махамбет елді мекенінде тұратын тұрмысы төмен мүгедек жандардың 23 тұрғын үйінің мұржаларын тазарту жұмыстары жүргізілді»,- деді Бауыржан Шірімбекұлы.

Тағы да оқыңыз: