Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Бағдарламаны басқару және мониторинг жөніндегі басқарушы директоры Талғат Смағұловтың қатысуымен Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында мәжіліс отырысы өтті.

Жиынға облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Фердоуси Қожабергенов, «Даму» ҚДҚ АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Жомарт Ермағанбет және облыстағы бизнес өкілдері офлайн , ал «Zoom» қосымшасы арқылы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшылары онлайн форматта қатысты.

Жиында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету, оның ішінде жеңілдікпен несие беру, қажетті инфрақұрылымдарды жеткізу, мемлекеттік гранттар талқыланды.

Талғат Темірұлы мемлекеттік қолдау шаралары туралы жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлерге шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат берді. Және де облыста жүзеге асырылып жатқан жобаларға назар аударды.

Сондай-ақ, өз кезегінде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Фердоуси Қожабергенов 2010 жылдан бастап бүгінге дейін осы «Даму» қоры арқылы облыста жалпы несие портфелі шамамен 130 млрд. теңгені құрайтын 3,5 мыңнан аса жоба субсидияланып, 2 мыңнан аса жобаға мемлекет тарапынан кепілдік берілгенін атап өтті.

Сонымен бірге, мәжілісте кәсіпкерлер өз бастамалары бойынша біраз сұрақтар қойды.

Жиынды қорытындылай келе, Фердоуси Әбілқасымұлы, облыста тек сауда мен қызмет көрсету жолға қойылған, ал өндірістер жоқтың қасы екенін тілге тиек етіп, Ұлттық жоба шеңберінде жобаларды қаржыландыруда осы басымдыққа мән беруіміз қажет екенін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: