Kyzylorda-news.kz. Спорттық нысандар тек жаттығу шаралары үшін ашылады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова онлайн баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Адамдар көптеп жиналатын ойын-сауық, мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған. Себебі қазіргі кездегі індетке шалдығудың деңгейі шектеулерді толықтай алып тастауға мүмкіндік бермей тұр», – деді Айжан Есмағамбетова.

Елімізде бассейндерді ашуға да тиісті талаптар қарастырылған.

«Бүгінде бассейндегі әрбір адамда 5 шаршы метрден кем емес аумақ болуы тиіс. Бұл өз кезегінде адамдардың арасындағы арақашықтықты қамтамасыз етеді. Бассейн аумағына қарай оған баратын адамдар саны реттеледі. Аквапарктерде және жағажайда арақашықтықты сақтау айтарлықтай қиындау екенін түсінеміз. Алайда, шезлонгтар, кез келген жағажай жабдықтары демалушылар арасында 1,5 метрлік арақашықтықты сақтап орналастырылуы туралы талаптарды қоямыз. Сондықтан жағажайдың аумағын ескере отырып, оған жіберілетін адамдардың саны назарға алынады, яғни олардың саны тұрақты бақылауда болады», – деді Айжан Есмағамбетова.

Тағы да оқыңыз: