Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда көпсалалы жоғары колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ұлағатты ұстаз, білім беру саласының ардагері Сайлыбаев Бақытжан Әбдіқалықұлын еске алуға арналған облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР ҰҒА Академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Облыстық мәслихат депутаты Қылышбай Бисенов, ардагер ұстаз, 
экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазбай Құдайбергенов, Облыстық мәслихат депутаты, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлнар Есқалиева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов қатысып, Бақытжан Әбдіқалықұлының өмір жолына тоқталып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттық шараға аймағымыздағы барлық колледждерден 13 команда, құрманды жалпы саны 200-ге жуық оқытушы қатысып, бақ сынауда. Екі күнге жоспарланған жарыстың ойындары Қызылорда көпсалалы колледжі мен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде өткізілуде.

Айта кетейік, турнир жеңімпаздары облыстық білім басқармасы мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталатын болады.

Тағы да оқыңыз: