Kyzylorda-news.kz. Медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары мәселелері бойынша өтініштер тәулік бойы Qoldau-24/7 мобильдік қосымшасында қабылданады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

«Кері байланыстың бұл түрі, әсіресе қазіргі карантин кезіңінде, сұранысқа ие. Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі. Содан кейін өтініш берушіге қосымшада оның аккаунтында жауап беріледі», – деп түсіндірді Қор филиалының басшысы.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын Android смартфондары үшін  Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін  App Store арқылы жүктеп алуға болады.

Тағы да оқыңыз: